Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/54 бұйрығы
Осы редакция 2025 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар жөніндегі
комитетінің төрағасы
В. Петров
2015 жылғы 3 ақпан
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-02/54 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-36) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Орман өрт сөндіру станциясы - орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.